Актуально о пенсии и ЕНПФ

Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 50

Актуально о пенсии и ЕНПФ


«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.

Актуально о пенсии и ЕНПФ


«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы орынбасарының Қостанай облысына іссапары

2017 жылғы 29 қарашада Қостанай қаласында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевпен кездесті. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы, жай-күйі және облыс тұрғындарын осы жүйемен қамту мәселесі талқыланды. Ресми деректерге сәйкес Қостанай облысы халқының саны 884 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 519 мың адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар (58,8%).

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 505,9 мың шот тіркелген. Ал зейнетақы жинақтарының көлемі 329,8 млрд теңге болды. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша барлық зейнетақы жинақтарының 4,5 пайызын құрайды. Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған 25,4 мың шотта 6,2 млрд теңге жинақталған. Бұл республика бойынша сәйкес жинақтардың 5 пайызын құрайды. Ал облыста 1,9 мың адам ерікті зейнетақы шоттарын ашқан. Олардағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 0,05 млрд теңге.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Қостанай облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жинақтарының негізі және салымшының құрметті демалысқа шыққан кездегі тіршілігін қамтамасыз ету көзі ретінде зейнетақы жарналарының тиімділігін дәріптеу бойынша бірлескен игі шараларды жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар БЖЗҚ Меморандум аясында әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады Түстен кейін Сәуле Егеубаева «Баян сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының ұжымымен кездесті. Онда Сәуле Асқарқызы отандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, одан түскен инвестициялық табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысып, зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұру қажеттігі жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Бұдан өзге, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері мәселесі талқыланды. Естеріңізге сала кетелік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар кездесу барысында әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуға қатысты заңнамалық нормалар түсіндірілді. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары өз кезегінде зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қордың өз қызметі туралы да айтылды. Бүгінгі таңда облыста Қордың 20 бөлімшесі жұмыс істейді (облыстық филиал және ірі қалалар мен аудан орталықтарындағы дербес қызмет көрсету орталықтары). Өткен жылы оларда 316 мыңнан астам операция жасалған.

Биыл жаңа электрондық қызметтер іске қосылғалы бері, салымшылар Қор кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Олар: зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру, үзінді-көшірме және шоттың бар-жоғы туралы анықтама алу, деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту туралы қызметтер. Сәуле Егеубаева Қордың 2017 жылдың соңына дейін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын қолданысқа енгізуді жоспарлап отырғандығы туралы айтты. Бұл жоба өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Айта кетелік, аталмыш жүйе электрондық қызметтерді Қор мамандарының көмегінсіз алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ өзінің көрсететін қызметтерін тұрақты түрде жетілдіру үстінде және олардың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға күш салады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: [email protected]


Актуально о пенсии и ЕНПФ


Поездка заместителя председателя Правления АО «ЕНПФ» в Костанайскую область

29 ноября 2017 года в г. Костанай состоялась встреча заместителя Председателя АО «ЕНПФ» Сауле Егеубаевой с заместителем акима Костанайской области Маратом Жундубаевым. В ходе встречи обсуждалось функционирование, состояние накопительной пенсионной системы в целом и охват ею жителей области. Согласно официальным данным, население составляет 884 тыс. человек, при этом из них 519 тыс. являются экономически активными (58,8%).
На 1 ноября 2017 года по области зарегистрировано 505,9 тыс. счетов по учету обязательных пенсионных взносов. Объем пенсионных накоплений – 331,2 млрд. тенге или 4,5% от всех накоплений по РК. Также на открытых 25,5 тыс. обязательных профессиональных счетах вкладчиков имеются накопления на сумму 6,2 млрд. тенге, что составляет 5% от накоплений по РК. 1,9 тыс. человек имеют добровольные счета, с накоплениями 0,05 млрд. тенге.

По итогам встречи между АО «ЕНПФ» и акиматом области был подписан Меморандум о сотрудничестве, который предусматривает совместные меры по повышению финансовой грамотности населения, популяризации пенсионных взносов как основы пенсионных накоплений и обеспечения жизни вкладчика после выхода на заслуженный отдых. Согласно Меморандуму ЕНПФ при активной поддержке местных исполнительных органов будет проводить информационную и разъяснительную работу на предприятиях и в организациях, публиковать материалы в местных СМИ.

Во второй половине дня состоялась встреча Сауле Егеубаевой с коллективом кондитерской фабрики АО «Баян Сулу», где она рассказала о том, как работает казахстанская пенсионная система, об инвестиционном портфеле Фонда, как инвестируются пенсионные накопления и начисляется доход, какие права и обязанности имеет вкладчик, почему необходимо активно участвовать в накопительной системе и делать регулярные взносы. Обсуждалась тема пенсионных выплат из ЕНПФ, которые с 1 января 2018 года будут осуществляться ежемесячно. Разъяснены законодательные нормы повышения пенсионного возраста женщин. Заместитель председателя Правления АО ЕНПФ также отметила важность информирования по вопросам модернизации пенсионной системы.

На встрече была затронута тема деятельности самого Фонда. Было отмечено, что в области работают 20 подразделений ЕНПФ (областной филиал и 19 центров обслуживания в районных центрах и крупных городах), в которых за прошлый год было проведено более 316 тысяч операций.

В этом году с момента запуска новых электронных услуг вкладчики имеют возможность дистанционно, без посещения офисов Фонда, осуществлять практически все ключевые операции – подать заявление на открытие договора или выплату пенсии, получить выписку и справку о наличии счетов, изменить реквизиты и способы информирования. Сауле Егеубаева рассказала о том, что до конца 2017 года Фонд планирует ввести в эксплуатацию терминалы самообслуживания. Этот проект реализуется в рамках развития систем самообслуживания, позволяющих получать электронные услуги Фонда без привлечения работников Фонда.

ЕНПФ постоянно совершенствует свои услуги и стремится улучшать их доступность и качество.

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом, который возглавляет Президент Республики Казахстан.

В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).

Пресс-центр АО «ЕНПФ»
Контакты для СМИ: [email protected]


Актуально о пенсии и ЕНПФ


���������� dle �������������� ������� ������ ��� ���
Опубликовал Lapikov, 20-12-2017, 06:17
0
Уважаемый посетитель, в данный момент Вы зашли на этот сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Быть как дома


Архив новостей
Январь 2020 (15)
Декабрь 2019 (12)
Ноябрь 2019 (39)
Октябрь 2019 (39)
Сентябрь 2019 (39)
Август 2019 (39)

За годы, прошедшие после установления Независимости, Рудный...

сделал рывок вперед
топтался на месте
похорошел вдоль центральных улиц
обратил внимание на внутридворовое благоустройство
упустил возможность для развития
стремится стать комфортным для проживания