Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 56«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.
2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 49 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістемемен есептелетін болады. Яғни, енді базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толық ескеріледі. Яғни, еңбек өтілі жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшері де ұлғая түседі деген сөз.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетін болады? Бүгінде базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келеді. Оның мөлшері қазір 15 274 теңгені құрайды (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсіп отырады.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейін артатын болады.
Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толығымен ескеріледі.
Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемі биыл - 28 284 теңге.
Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшері 14 466 теңге болды. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгені құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өсті). Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол, еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейін ұлғаяды.
Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтар үшін қайта есептеледі. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Жарналардың төленуі жайында барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеде бар.
2018 жылдың 1 шілдесінен кейін зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер ұсынулары тиіс.
Мен екі жылдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Ай сайынғы төлемді қалай есептеуге болады? Ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті қолданылады. Оның көлемі қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептеледі. Ол тұрақты шама.
Коэффициенттер кестесі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.
Зейнеткерлер кестеге сәйкес, жыл сайын зейнетақы жинақтарының тек бір бөлігін ғана ала алады. Сондықтан, коэффициенттің шамасы қашанда 1-ден төмен болады.
Осылайша, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома – БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем болып табылады.
Ай сайынғы төлемдердің сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады.
Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесі кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі:
Алушының жасы Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті
58 0,09421
59 0,09582
60 0,09764
61 0,09969
62 0,10202
63 0,10467
64 0,10771
65 0,11121
66 0,11528
67 0,12005
68 0,12570
69 0,13246
70 0,14067
71 0,15081
72 0,16362
73 0,18024
74 0,20257
75 0,23404
76 0,28152
77 0,36099
78 0,52048
79 1,00000
Осы кестені қолдана отырып, ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептеп шығаруға болады.
Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер ағымдағы жылғы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмауы керек.
Болашақ зейнетақыны есептеу үшін болжамдық зейнетақы калькуляторын пайдалануға болады. Ол enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қолжетімді (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php).
Мен банктегі берешегімді өтеуім керек. Сол үшін зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын ала аламын ба?Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындамай жатып мерзімінен бұрын берілмейді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.
Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған.
Менің зейнеткерлікке шыққаныма үш жыл болды. Қазір төлемдерді кестеге сәйкес жылына бір рет аламын. Мен оны ай сайынғы кестеге ауыстыра аламын ба?Зейнетақы заңнамасына енгізілген және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады.
2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алып келген азаматтар зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни, жаңа өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдейтін азаматтарға ғана тиесілі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындаудағы басты мақсат – еңбекке қабілетсіз, яғни зейнет жасындағы азаматтардың күнделікті тіршілігін лайықты деңгейде қамтамасыз ету.
Зейнетақы төлеу кестесін өзгерту үшін БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жүгіну қажет.
Айта кетелік, ағымдағы жылдың қаңтарында еліміз бойынша 20 шақты адам зейнетақы төлемдерін жыл сайын алу кестесін ай сайын алу кестесіне ауыстыру жөнінде өтініш берген. Осылайша, уақыт өткен сайын зейнетақы жинақтарын үнемдеп жұмсайтындар саны біртіндеп артатын болады.
Слышал о повышении пенсии с 1 января 2018 года и повышение пенсии с 1 июля 2018 года. Кого коснутся эти изменения? Какой будет минимальная и средняя по Республике Казахстан пенсия?Пенсия в Казахстане в 2018 году повысится дважды. Первый раз – с 1 января 2018 года:
- солидарная пенсия или как называют сами пенсионеры трудовая пенсия повысилась на 8%,
- а базовая пенсия в Казахстане увеличилась на 6%.
Таким образом, минимальный размер пенсии с учетом базовой пенсии составил в 2018 году 49 019 тенге, а средний размер пенсии 71 333 тенге. Это повышение касается всех пенсионеров.
Второй раз повышение пенсии произойдет 1 июля 2018 года. Будет повышаться только базовая пенсия. Так как с 1 июля 2018 года базовая пенсия в Казахстане будет начисляться по-новому – в расчет будет браться стаж участия граждан в пенсионной системе. Тот, у кого трудовой стаж больше – получит больше. При этом будет учитываться не только период поступлений пенсионных взносов в накопительную пенсионную систему после 1998 года, но и трудовой стаж до 1998 года.
Как будет начисляться базовая пенсия в Казахстане с 1 июля 2018 года? Если сейчас размер базовой пенсии у всех единый и не зависит от трудового стажа, то с 1 июля 2018 года повышение пенсии будет происходить за счет добавления процентов к базовой пенсии. Так как изменится сама система начисления базовой пенсии.
Если сейчас базовая пенсия составляет чуть более 50 % от прожиточного минимума. А после повышения с июля 2018 года будет составлять от 54% до 100% прожиточного минимума.
По новой методике начисления пенсий учитываться будет трудовой стаж, выработанный до 1 января 1998 года, и период поступлений пенсионных взносов в накопительную пенсионную систему после 1998 года.
Если трудовой стаж 10 лет или меньше, или трудового стажа нет вообще, базовая пенсия будет составлять 54% от прожиточного минимума. За каждый год свыше 10 лет стажа будет добавляться по 2%. Если же стаж 33 года и более – размер базовой пенсии будет равен прожиточному минимуму (28 284 тенге в 2018 г.)
Например, размер базовой пенсии в 2017 году был 14 466 тенге. С 1 января 2018 (после повышения базовой пенсии у всех на 6%) – составит примерно 15 274. с 1.07.2018 она вырастет до 28 284 тенге (максимально при стаже работы 33 и более лет).
Перерасчет базовой пенсии будет произведен единовременно для всех пенсионеров. Пересчет базовой пенсии для тех, кто уже находится на заслуженном отдыхе, будет произведен автоматически. Никаких дополнительных документов предоставлять не нужно. Все данные о перечислениях в пенсионную накопительную систему имеются в единой информационной системе.
Сведения о трудовом стаже до 1.01.1998 г. необходимо будет представить только тем гражданам, которые выходят на пенсию после 1 июля 2018 г.
Мне через два года выходить на пенсию, как можно рассчитать размер ежемесячной выплаты?Чтобы посчитать сумму ежемесячных выплат, используется коэффициент текущей стоимости пенсионных накоплений, который зависит от средней продолжительности жизни казахстанцев.
Таблица таких коэффициентов, которые являются постоянной величиной, утверждена Правительством РК. Каждый год, в соответствии с графиком, можно снять только часть накопленной суммы, поэтому величина коэффициента всегда меньше 1. Таким образом, в зависимости от возраста получателя сумма пенсионных накоплений умножается на соответствующий коэффициент и делится на 12 (месяцев). Это и будет размер ежемесячной выплаты из ЕНПФ.
Сумма ежемесячных выплат будет зависеть от возраста получателя, а также от суммы, которая находится на индивидуальном пенсионном счете. Годовая сумма пенсионных выплат рассчитывается как произведение суммы пенсионных накоплений на коэффициент текущей стоимости пенсионных накоплений в соответствующем возрасте получателя, согласно следующей таблице:
Возраст вкладчика, лет Коэффициент текущей стоимости
58 0,09421
59 0,09582
60 0,09764
61 0,09969
62 0,10202
63 0,10467
64 0,10771
65 0,11121
66 0,11528
67 0,12005
68 0,12570
69 0,13246
70 0,14067
71 0,15081
72 0,16362
73 0,18024
74 0,20257
75 0,23404
76 0,28152
77 0,36099
78 0,52048
79 1,00000
Чтобы рассчитать ежемесячную выплату, нужно взять общую сумму пенсионных накоплений и умножить на коэффициент текущей стоимости вкладчика – это сумма, которая будет выплачена в течение года. Делим годовую выплату на 12 месяцев - таков будет размер ежемесячной выплаты. Таким образом, пользуясь таблицей, приведенной выше, можно посчитать размер ежемесячных выплат «по графику».
Согласно новым правилам, ежемесячная выплата должна быть не меньше 54% от прожиточного минимума в текущем финансовом году.
Посчитать приблизительно совокупный размер вашей пенсии можно на сайте enpf.kz в разделе «Электронные услуги» - «Пенсионный калькулятор» (https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/calcs.php).
Мне необходимо погасить кредит в банке, могу ли я снять свои пенсионные накопления досрочно?Получение пенсионных выплат из ЕНПФ возможно только при наступлении определенных условий, предусмотренных Законом, в том числе при наступлении пенсионного возраста.
Возможность погашения кредита, покупка недвижимости, оплата лечения и т.д. за счет пенсионных накоплений в ЕНПФ действующим законодательством не предусмотрена.
Право на пенсионные выплаты за счет обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) имеют следующие лица, имеющие пенсионные накопления:
- инвалиды 1 и 2 групп, если инвалидность установлена бессрочно;
- лица, достигшие определенного законодательством возраста: 63 года – для мужчин, 58,5 лет – для женщин;
- выехавшие на постоянно место жительство (ПМЖ) за пределы РК иностранцы и лица без гражданства, предоставившие документы, определенные законодательством РК, подтверждающие факт выезда;
- Пенсионные накопления в случае смерти вкладчика – наследуются, согласно действующему законодательству.
Я уже три года, как вышла на пенсию. Сейчас я получаю выплаты по графику раз в год. Я могу поменять его на ежемесячный?Изменения в пенсионном законодательстве, вступившие в силу с 1 января 2018 года, в части коснувшейся графика выплаты пенсионных накоплений, затрагивают, вкладчиков, выходящих на пенсию по достижению ими общеустановленного пенсионного возраста. Теперь пенсию из Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) в Казахстане можно получать только раз в месяц.
Забрать все и сразу можно только тогда, если сумма накоплений не превышает 12 минимальных пенсий (в 2018 г. - 33 745 * 12 = 404 940 тенге).
Для пенсионеров, которые уже получают пенсию, все остается по-прежнему, у них сохраняется график платежей, который они выбрали, оформляя заявление на получение пенсионной выплаты.
Но при желании они могут перейти на ежемесячный график. Ведь пенсионные выплаты – не какая-то сумма, которую можно разово потратить, это деньги, предназначенные для удовлетворения текущих потребностей пенсионеров. Их целевым назначением является обеспечение адекватного размера совокупной пенсии и достойный уровень жизни на пенсии. Они должны обеспечивать регулярный доход в нетрудоспособном возрасте.
Для того, чтобы изменить график выплаты, Вам необходимо обратиться с заявлением в ближайшее отделение ЕНПФ. За январь месяц текущего года около 20 человек обратились с заявлениями о смене периодичности графика выплат с ежегодного на ежемесячный. Количество пенсионеров, с пониманием и рационализмом относящихся к своему обеспечению, со временем будет только увеличиваться.
���������� dle �������������� ������� ������ ��� ���