Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 58«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.
2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолуАлматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.
2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады.
2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.
Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.
2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.
Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.
2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.
Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.
2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.
Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.
БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.
Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.
Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар:
[email protected]Краткий обзор ключевых показателей ЕНПФ на 1 февраля 2018 годаАлматы, Казахстан - Общая сумма пенсионных накоплений по состоянию на 1 февраля 2018 года составила 7,8 трлн тенге.
Количество индивидуальных пенсионных счетов (ИПС) вкладчиков (получателей) по всем видам договоров на 1 февраля 2018 года составило 10,10 млн единиц, в том числе за счет обязательных пенсионных взносов – 9,62 млн единиц. Количество ИПС вкладчиков (получателей) по учету обязательных профессиональных пенсионных взносов составило 444 тыс. единиц, а по учету добровольных пенсионных взносов – 39 тыс. единиц.
Общая сумма поступлений в январе 2018 года составила 65,3 млрд тенге, увеличившись по сравнению с аналогичным периодом прошлого года на 4,5 млрд, то есть прирост составил 7%.
Средняя сумма накоплений у мужчин предпенсионного возраста, которые находятся в системе более 16 лет, составляет порядка 2,6 млн тенге, у женщин – порядка 2 млн тенге. Накопления вкладчиков предпенсионного возраста, которые делают регулярные (не менее 9 раз в год) взносы, составляют порядка 3,3 млн тенге у мужчин и 2,3 млн у женщин.
Сумма чистого инвестиционного дохода, начисленного на ИПС вкладчиков ЕНПФ, на 1 февраля составила 9,8 млрд тенге. Доходность пенсионных активов Фонда за январь месяц составила 0,13%, при этом если сравнивать доходность и уровень инфляции в годовом выражении (январь 2017 – январь 2018), то эти показатели составили 7,88% и 6,8% соответственно.
Сумма пенсионных выплат из ЕНПФ за январь 2018 года составила 48,9 млрд тенге, в том числе переводы в страховые организации 1,3 млрд тенге. Для сравнения – за аналогичный период прошлого года из ЕНПФ было выплачено 43,14 млрд тенге, из них в страховые организации 2,09 млрд тенге.
Информацию о состоянии пенсионных накоплений (в том числе о начисленном инвестиционном доходе) на своем ИПС вкладчик (получатель) может получить в отделении ЕНПФ, посредством почтовой связи, по электронной почте, на сайте Фонда или через мобильное приложение.
С июня 2017 года, когда начали работу электронные сервисы, все большее число вкладчиков, оценив их простоту и удобство, отдают им предпочтение. На сайте ЕНПФ вкладчики использовали возможность дистанционно, без посещения офисов Фонда осуществлять практически все ключевые операции.
В январе 2018 года подали электронные заявления на открытие индивидуального пенсионного счета – порядка 100 вкладчиков, для сравнения за полгода 2017 года с момента запуска электронных услуг таких вкладчиков было около 250, то есть прирост за один месяц текущего года составил 60%.
Количество вкладчиков, внесших изменения в свои реквизиты, составило порядка 950, для сравнения почти столько же вкладчиков (1 180 человек) воспользовались этим сервисом за шесть месяцев прошлого года. Всего с момента запуска электронных услуг на сайте Фонда ими воспользовались почти 3,5 тыс человек.
Одной из задач ЕНПФ является предоставление качественных консультационных услуг и развитие информационных каналов для вкладчиков и получателей Фонда. Так, за январь 2018 года по сравнению с аналогичным периодом прошлого года на 64% увеличилось количество обращений вкладчиков по каналам обратной связи.
Повышенное внимание АО ЕНПФ уделяет социально уязвимым слоям населения: количество выездов с техникой «Мобильный агент» увеличилось на 125 по сравнению с прошлым годом и составило 590, то есть прирост составил 27%.
Продолжается информационно-разъяснительная работа среди населения. Так, в январе 2018 года было проведено 1 543 выездных презентаций с охватом населения порядка 49 тыс человек, что в 7 раз больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Начата работа по обзвону вкладчиков, открывших ИПС по ОПВ в ЕНПФ, но так и не внесших ни одного взноса, а также вкладчиков, на ИПС которых взносы не поступали на протяжении трех и более лет, – в целях выяснения статуса данных лиц.
ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом, который возглавляет Президент Республики Казахстан.
В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz). Пресс-центр АО «ЕНПФ»
Контакты для СМИ:
[email protected]���������� dle �������������� ������� ������ ��� ���