Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 62«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ. На этот раз, очередные пять вопросов и ответов.
1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын? 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады.
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.
2. Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда - айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.
3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын? 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.
Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз.
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.
Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.
4. Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.
5. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.
Нақты айтар болсақ салымшы:
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);
- және логин мен құпия сөзді(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр.Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірменікез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауғаболады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.
1. Мне через два месяца выходить на пенсию, я слышал об изменениях с этого года, расскажите поподробней, сколько и как я буду получать пенсию.С 1 января 2018 года пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) осуществляются только ежемесячно. Забрать все и сразу можно только в случае, если сумма пенсионных накоплений не превышает 12-кратный размерминимальной пенсии, установленный законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год(в 2018 году – это 404 940тенге).
Чтобы рассчитать сумму ежемесячных пенсионных выплат используется таблица коэффициентов текущей стоимости пенсионных накоплений, которая утверждена постановлением Правительства Республики Казахстан.
Сумма ежемесячных пенсионных выплат зависит от возраста получателя, а также от остатка пенсионных накоплений на индивидуальном пенсионном счете (ИПС). В зависимости от возраста получателя сумма пенсионных накоплений умножается на соответствующий коэффициент и делится на 12 (месяцев). Это и есть размер ежемесячной выплаты из ЕНПФ.
В соответствии с действующим законодательством размер Вашей ежемесячной пенсионной выплаты будет рассчитан следующим образом: общая сумма пенсионных накоплений умножается на коэффициент текущей стоимости пенсионных накоплений в соответствующем возрасте получателя(например, в 63 года он составляет 0,10467). Полученная сумма делится на 12, что и будет составлятьВашу ежемесячную выплату в соответствующем календарном году.
Для сведения информируем, что на веб-сайте ЕНПФ по адресу www.enpf.kz размещен калькулятор, воспользовавшись которым Вы сможете рассчитать прогнозную сумму ежемесячных выплат.
2. Я слышал, что после выхода на пенсию полагается какая-то компенсация. Соответствует ли это действительности?Речь идет о единовременной выплате компенсации по государственной гарантииза счет средств республиканского бюджета. В Казахстане действует уникальная модель государственной гарантии сохранности пенсионных накоплений. Согласно статье 5 Закона РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» при наступлении права на выплату каждому получателю индивидуально рассчитывается сумма выплаты разницы между суммой фактически внесенных ОПВ и ОППВ с учетом уровня инфляции и суммой пенсионных накоплений (выплата разницы).
На получение выплаты разницы имеют право в том числе лица, достигшие пенсионного возраста.
Организацией работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу «одного окна»занимается НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» (бывший ГЦВП).
3. С 1 января выплаты с пенсионного фонда выплачиваются каждый месяц. Это касается всех пенсионеров или тех, кто выходит на пенсию в 2018 году. Я ушла на пенсию в 2017 году 23 июля и получила выплату за год. Как я должна получать выплаты в этом году, каждый месяц или могу получить сразу за год?С 1 января 2018 года пенсионные выплаты из ЕНПФ можно получать только ежемесячно. Эти изменения в пенсионном законодательстве, вступившие в силу с 1 января 2018 года, затрагивают только тех получателей, которые впервые обращаются в ЕНПФ за выплатой пенсионных накоплений в текущем году.
Для пенсионеров, которые зарегистрировали свое право на пенсионные выплаты из ЕНПФ до 01.01.2018г., все остается по-прежнему: за ними сохраняется ранее установленная периодичность пенсионных выплат (ежемесячно, ежеквартально, ежегодно) и расчет размера пенсионной выплаты, действовавший до 1 января 2018 года.
Но при желании Вы имеете право перейти в том числе и на ежемесячный график. Практика ежемесячных выплат пенсионных накоплений соответствует международным стандартам. Пенсионные выплаты – не сумма, которую можно разово потратить, а деньги, предназначенные для удовлетворения текущих потребностей пенсионеров. Они должны обеспечивать регулярный доход в нетрудоспособном возрасте.
Для того, чтобы изменить график выплаты, Вы можете с заявлением обратиться в ближайшее офис ЕНПФ, адрес которого Вы можете узнать на веб-сайте ЕНПФ по адресу www.enpf.kz.
4. Коснутся ли вводимые новшества добровольных пенсионных взносов. Кто и по истечении какого времени может получать эти средства? Изменения в пенсионном законодательстве в части ежемесячного порядкапенсионных выплат из ЕНПФ касаются только накоплений, сформированных за счет ОПВ и ОППВ. Порядок получения пенсионных выплат за счет добровольных пенсионных взносовопределяется Пенсионными правилами ЕНПФ (по учету добровольных пенсионных взносов) и может быть установлен по согласиюполучателя и ЕНПФ.
Согласно положениям статьи 33 Закона право на пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет добровольных пенсионных взносов возникает у лиц, имеющих пенсионные накопления в ЕНПФ:
1) достигших пятидесятилетнего возраста;
2) являющихся инвалидами;
3) выезжающих или выехавших на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан иностранцев и лиц без гражданства, представивших документы, определенные законодательством Республики Казахстан, подтверждающие намерение или факт выезда.
После предоставления пакета документов, соответствующего требованиям законодательства Республики Казахстан, ЕНПФ осуществит выплату пенсионных накоплений в срок, установленный Пенсионными правилами, а именно, в течение 10 рабочих дней со дня приема либо поступления документов в ЕНПФ.
Актуальный перечень необходимых документов в зависимости от способа их подачи в ЕНПФ, требования к их оформлению, а также бланки заявлений и образцы их заполнения в зависимости от вида валюты платежа, образцы доверенностей размещены на веб-сайте ЕНПФ по адресу www.enpf.kz.
5. Как узнать о своих пенсионных накоплениях?Информация о состоянии ИПС предоставляется ЕНПФ на безвозмездной основе, а способ получения определяется вкладчиком (получателем) самостоятельно. Выписку с ИПС можно получить следующими способами:
– посредством почтовой связи – один раз в год;
– по электронной почте– в зависимости от выбранного графика (ежемесячно, ежеквартально, раз в полугодие, раз в год);
– при личном обращении в офис ЕНПФ – неограниченно;
– интернет-информирование (через сайт или мобильное приложение ENPF для смартфонов и планшетов) – в режиме онлайн – неограниченно;
– при наличии актуального ключа электронной цифровой подписи (ЭЦП) – на сайте enpf.kz (в разделе «Электронные сервисы») либона сайте электронного правительства egov.kz (в разделе «Социальное обеспечение» – «Пенсионное обеспечение» – «Выдача информации о состоянии пенсионных накоплений (с учетом инвестиционного дохода) вкладчика (получателя) единого накопительного пенсионного фонда») при наличии регистрации на портале.
Если у Вас не выбран способ получения выписки о состоянии своегоИПСлибо Вы хотите изменить действующий, Вам необходимо с удостоверением личности обратиться в любой офис ЕНПФ, адрес которого Вы можете узнать на веб-сайте ЕНПФ по адресу www.enpf.kz, и заключить дополнительное соглашение. Данная операция занимает несколько минут.
При наличии актуального ключа ЭЦП Вы можете проверить актуальность своих реквизитов (данные документа, удостоверяющего личность, адрес места жительства, электронный адрес (e-mail), номера телефонов), зарегистрированных в автоматизированной информационной системе ЕНПФ, и самостоятельно внести изменения и (или) дополнения без личного обращения в офис ЕНПФ посредством веб-сайта ЕНПФ в разделе «Электронные сервисы», воспользовавшись электронной услугой «Внести изменения и (или) дополнения в реквизиты». Также посредством данной услуги можно выбрать удобный способ получения информации о состоянии пенсионных накоплений – «посредством Интернета».Получение информации о состоянии ИПС«посредством Интернета» является на сегодняшний день наиболее удобным, популярным, оперативным и экономичным способом, позволяющим контролировать свои пенсионные накопления в режиме онлайн круглосуточно.
���������� dle �������������� ������� ������ ��� ���