Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 30«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года. В течение всего этого времени ежемесячно публиковалось по две-три полезной информации, которые можно найти в нашем архиве. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новым информационным материалом специалистов ЕНПФ.
Жинақтарымыздың сақталуы және табысы
Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.
1. Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидасында кепілдік таралатын тұлғалар тізімі белгіленген, олар:
1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);
2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Айырмашылық төлеміне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте беріледі.
Төлем құқығын алған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл кезең үшін табыстылық пен құнсыздану деңгейі жеке есептеледі. Егер инвестициялық табыс құнсыздану деңгейінен асып түспесе, айырма мемлекеттік бюджеттен салымшының банк шотына есептелетін болады.
Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып сәйкесті өтініш толтыру қажет.
2. Қор қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалай және қайда инвестициялайды?Заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚР ҰБ және БЖЗҚ арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) жүзеге асырады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, инвестициялық шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес, оның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат берілген құралдардың тізбесі бойынша қабылданады.
ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың теңгерімділік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында теңгеге, сондай-ақ шетелдік валютаға номиналданған түрлі қаржы құралдарына активтердің түрленуіне негізделген, сонымен қатар тәуекелдерді төмендету мақсатында түрлі қаржы құралдарына инвестициялауға бағытталған.
Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектор компанияларының қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған, екінші деңгейдегі банктердің және шетелдік банктердің салымдарына, сонымен қатар сенімді шет ел эмитенттерінің құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат жүйелі түрде Қордың www.enpf.kz («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы», «Инвестициялық қызметке шолу») ресми сайтында жарияланады.
3. Осы жылы инвестициялық табыс қандай болмақ? Ұзақ мерзімді кезеңге зейнетақы активтерінің болжалды инвестициялық табысына нақты есеп жасау мүмкін емес. Инвестициялық табыс тұрақты шама емес және инвестициялық портфельдің құрылымы мен қаржы құралдарымен жасалынатын операцияларға байланысты. Оның шамасы нарықтық жағдай, қаржы құралдарын қайта бағалау, валюта бағамдарының өзгеруі және т.б. осы сынды бірқатар факторларға байланысты күн сайын өзгереді.
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелетін инвестициялық табыс көлемін жеке алып қарасақ, ол жинақтар көлеміне байланысты, яғни жинақтар көп болса және оларды толтыру кезеңділігі тұрақты болғанда есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады.
Дегенмен, БЖЗҚ өз салымшыларына enpf.kz сайтының «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы калькуляторы 1» құралын пайдалануды ұсынады. Оның көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен құрылған зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемінің көлемін есептеуге болады. Бұл калькулятор жинақтаушы, ортақ, базалық, сондай-ақ ерікті зейнетақыны болжалды есептеуге арналған. Есеп инфляцияның, инвестициялық табыстылықтың өсуі, жалақының өсуі бойынша болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі оптимистік, шынайы және пессимистік сынды түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін үш сценарийде беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шығар кезде күтілетін төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Нақты түсіп отыратын зейнетақы жарналарының жиілігі зейнетке шығар кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептеудегі негізгі белгілердің бірі болып табылады.
4. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдарда жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейді?Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді.
БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгені құрады. Егер де шот үнемі толтырылып тұрса, онда сандар көбейеді.
Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады, яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.
5. Инвестициялық табысқа салық салынады ма? Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен көзделген жағдайлар (зейнет жасына толғанда, мерзімсіз 1,2 топтағы мүгедектігі белгіленсе және т.б.) орын алғанда ЖЗШ-дан төленетін есептелген инвестициялық табысқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ҚР Салық кодексі) 160-бабының 3-тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады.
ҚР Салық кодексінің 170-бабына сәйкес салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары; ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жүзеге асыратын төлемдер жатады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зейнет жасына жеткен салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кесте бойынша төлемдерді алған кезде, салық төленетін табыс көлемін кемітетін салық шегерімдеріне құқылы. Басқалай айтқанда, табыс салығы барлық төлемге емес, тек оның бөлігіне салынады. Түпкілікті салық сомасын анықтау үшін «жыл үшін зейнетақы төлемінен» «белгіленген салық шегерімін» алып тастау қажет.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарының ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген шегінде табысты түзетуге мүмкіндігі бар.
Сохранность и доход наших накоплений
Сегодня вы получите ответы на 5 наиболее актуальных вопросов от ЕНПФ об инвестиционной деятельности, инвестиционном доходе и гарантиях сохранности наших с вами накоплений.
1. Учитывается ли уровень инфляции при выплате пенсионных накоплений, существует ли какая-то гарантия, защищающая накопления?В соответствии со статьей 5 Закона РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» государство гарантирует получателям сохранность обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в ЕНПФ в размере фактически внесенных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты.
Правилами выполнения гарантий государства получателям пенсионных выплат по сохранности обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином накопительном пенсионном фонде в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции, утвержденными постановлением Правительства РК от 10 апреля 2014 года № 341, определен список лиц, на которых распространяется гарантия:
1. на момент достижения пенсионного возраста (мужчины по достижении 63 лет, женщины по достижении 58 лет);
2. инвалиды первой и второй групп, если инвалидность установлена бессрочно;
3. выехавшие на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан иностранцам и лицам без гражданства.
В случае смерти лица, имеющего право на выплату разницы, сумма выплаты разницы осуществляется наследнику в порядке, установленном Гражданским кодексом Республики Казахстан.
При наступлении права на выплаты каждому получателю индивидуально рассчитывается доходность и уровень инфляции за весь период нахождения в накопительной пенсионной системе. Если инвестиционный доход не будет покрывать инфляцию, разница будет начислена на банковский счет вкладчика из государственного бюджета.
Для получения перерасчета необходимо обратиться в ЦОН (отделения НАО «Государственная Корпорация «Правительство для граждан») по месту жительства и заполнить соответствующее заявление.
2. Как и куда Фондом инвестируются пенсионные накопления казахстанцев?В соответствии с Законом доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляется Национальным Банком Республики Казахстан (далее – НБ РК) на основании договора о доверительном управлении, заключенного между НБ РК и ЕНПФ.
Инвестиционное управление пенсионными активами реализуется в соответствии с Инвестиционной декларацией единого накопительного пенсионного фонда, утвержденной постановлением Правления НБ РК от 18 марта 2016 года № 86. Кроме того, инвестиционные решения принимаются в соответствии с предложениями Совета по управлению Национальным фондом Республики Казахстан, в том числе по перечню разрешенных инструментов для размещения пенсионных активов Фонда.
Инвестиционная стратегия НБ РК основана на диверсификации активов в различные финансовые инструменты, номинированные как в тенге, так и в иностранной валюте в целях обеспечения сбалансированного уровня доходности в долгосрочной перспективе, а также направлена на инвестирование в различные финансовые инструменты с целью минимизации рисков.
На сегодняшний день пенсионные активы инвестированы в государственные ценные бумаги, бумаги компаний квазигосударственного сектора, корпоративные облигации и акции эмитентов РК, размещаются во вклады банков второго уровня и иностранных банков, а также в инструменты надежных зарубежных эмитентов. Информация об инвестиционной деятельности регулярно публикуется на официальном сайте Фонда www.enpf.kz («О Фонде» – «Инвестиционная деятельность» – «Структура инвестиционного портфеля пенсионных активов», «Обзор инвестиционной деятельности»).
3. Какой инвестиционный доход ожидать в этом году?Сделать точный расчет предполагаемого инвестиционного дохода на пенсионные активы на долгосрочный период невозможно. Инвестиционный доход не является постоянной величиной и зависит от структуры инвестиционного портфеля и операций с финансовыми инструментами. Его величина изменяется ежедневно в зависимости от ряда факторов, таких как рыночная ситуация, переоценка финансовых инструментов, изменение курсов валют и т.д.
Если рассматривать размер инвестдохода, начисляемого на индивидуальные пенсионные счета (ИПС) вкладчиков (получателей), индивидуально, то он зависит от размера самих накоплений – чем больше накоплений и насколько постоянна периодичность их пополнения, тем выше начисляемый инвестиционный доход.
Тем не менее, ЕНПФ рекомендует свои вкладчикам воспользоваться инструментом «Пенсионный калькулятор 1» на сайте enpf.kz в разделе «Электронные сервисы», с помощью которого можно рассчитать размер пенсионной выплаты из пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов. Данный калькулятор предназначен для ожидаемого расчета пенсии накопительной, солидарной, базовой, а также добровольной. Расчет основан на прогнозах по росту инфляции, инвестиционной доходности, росту заработной платы. Результат расчета выдается в трех сценариях, отличающихся различными прогнозными данными: оптимистичном, реалистичном и пессимистичном. Пенсионный калькулятор позволяет строить прогноз об ожидаемых выплатах при выходе на пенсию. Одним из основных критериев при расчете совокупной суммы пенсионных выплат при выходе на пенсию является частота определенных поступлений пенсионных взносов.
4. Долго не получал зарплату, отчисления значит не делал тоже. За это время мне инвестиционный доход не начислялся? В каких случаях он перестает начисляться?Инвестиционный доход начисляется постоянно. Начисляется он ежедневно в конце каждого финансового дня на средства до их исчерпания, то есть даже если человек вышел на пенсию и уже получает ее, на его еще нетронутые накопления продолжает начисляться инвестдоход.
Недавно в операционном зале ЕНПФ был похожий случай. Молодой человек пришел обновить свой пенсионный договор – наконец устроился на работу. До этого два года регулярно отчисления не делал. И на его счету, по его же расчетам, должно быть не более 600 тысяч тенге. Но получив выписку, он был приятно удивлен: за много месяцев его неактивности его пенсионные накопления увеличились более чем на 120 тысяч и составили более 720 тысяч тенге. Если же пенсионный счет регулярно пополняется, то цифры в разы больше.
Информацию о начисленном инвестиционном доходе можно узнать из выписки с ИПС, получить которую можно несколькими способами: при личном обращении в офисе Фонда, посредством электронной и традиционной почты, через сайт или мобильное приложение ENPF.
5. Облагается ли инвестиционный доход налогом? Пенсионные накопления вкладчиков (получателей) Фонда, в том числе начисленный инвестиционный доход, выплачиваемые с ИПС при наступлении условий, предусмотренных пенсионным законодательством Республики Казахстан (при достижении пенсионного возраста, при установлении инвалидности 1,2 групп бессрочно и т.д.) подлежат налогообложению в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.
Так, в соответствии с подпунктом 3 статьи 160 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налогового кодекса РК), пенсионные выплаты относятся к доходу, облагаемому налогом у источника выплаты.
В соответствии со статьей 170 Налогового кодекса РК, к доходу в виде пенсионных выплат, подлежащему налогообложению, относятся выплаты, осуществляемые единым накопительным пенсионным фондом из пенсионных накоплений налогоплательщиков, сформированных за счет: обязательных пенсионных взносов; обязательных профессиональных пенсионных взносов; добровольных пенсионных взносов. Однако, вкладчики (получатели), которые достигли пенсионного возраста, являющиеся гражданами Казахстана, при получении выплат по графику или в связи с выездом на постоянное место жительство за пределы Республики Казахстан, имеют право на налоговые вычеты, уменьшающие размер дохода, с которого уплачивается налог. Иными словами, подоходным налогом будет облагаться не вся выплата, а только ее часть. Чтобы определить окончательную сумму налога, необходимо от «пенсионных выплат за год» отнять «установленный налоговый вычет».
Кроме того, некоторые категории граждан, в соответствии с подпунктами 13) и 13-2) пункта 1 статьи 156 Налогового Кодекса, могут рассчитывать на корректировку дохода в пределах 75-кратного минимального размера заработной платы.
���������� dle �������������� ������� ������ ��� ���