Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 70«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.
5 сауал1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.
2. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады? Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекітілген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бірге, инвестициялық шешімдер, соның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.
ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзімді перспективада табыстылықтың үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету үшін активтер теңгемен де, шет елдік валюталармен номиналданған түрлі қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдерді барынша төмендету үшін зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.
Қазіргі кезде зейнетақы активтері мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне және сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына салынған. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz ресми сайтында («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы») бөлімінде жүйелі түрде жарияланып тұрады.
3. Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтері есебінен жасақталған инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жарияланып, эмитенттің атауын, қағаздардың көлемін, қаржы құралдарының есепті датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетіледі.
2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері 8, 263 трлн теңге болды.
Портфельдің негізгі бөлігін- 45,94% - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздары құрайды. МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.
Инвестицияланған зейнетақы активтерінің ішінде екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың портфельдегі үлесі - 14,71%, ал ағымдағы бағасы - 1 215,58 млрд теңге.
Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:
- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары (11,71%);
- Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (8,86%);
- банктердің депозиттері: қазақстандық (3,84%) және шетелдік (5,58%);
- тәуекел мен портфельдің табыстылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар.
Қаржы құралдарының инвестициялық портфеліндегі валюталардың үлесі:
• Ұлттық валюта – 68,63%
• АҚШ доллары – 31,16%
• Ресей рублі – 0,41%
• Басқа валюталар – 0,10%
Инвестициялық қызметтің бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты есептелген инвестициялық табыстың көлемі 2018 жылдың басынан 251,41 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,98%-ды құрады.
4. Мен ресми жұмыс істемеуіме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген уақыт болды. Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма? Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді.
Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар:
Пошта байланысының көмегімен – жылына бір рет;
Электрондық пошта арқылы – таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);
БЖЗҚ кеңсесіне өзі бару арқылы – шектеусіз;
Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) – шектеусіз;
enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы («Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» - (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлімінде) порталда тіркеліп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда.
5. Инвестициялық табысқа салық салына ма? ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның ішінде есептелген инвестициялық табысқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексі) зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық ұсталатын табысқа жатады.
ҚР Салық Кодексінің 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемі ретіндегі табыс түрлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салық төлеушілердің келесі зейнетақы жарналары есебінен жасалатын төлемдері жатады: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары.
Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алғанда салық төленетін табыс көлемін азайтатын салық шегерілімдеріне қақысы бар. Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнің барлығына емес, оның бір бөлігіне ғана салынады. Салықтың түпкі мөлшерін есептеу үшін «бір жылдық зейнетақы төлемінен» «бекітілген салық шегерілімі» сомасын алып тастау керек.
Сонымен қатар кейбір азаматтар ҚР Салық кодексінің 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгі айлық жалақысының 75 еселенген шегінде түзетуіне болады.
5 вопросов
1. Кто управляет пенсионными активами? В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан», инвестиционное управление пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. 26 августа 2013 года между Национальным Банком Республики Казахстан и ЕНПФ был заключен договор о доверительном управлении пенсионными активами. Органом, который осуществляет функции по выработке предложений по повышению эффективности управления, по направлениям инвестирования и по определению перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда, является Совет по управлению Национальным фондом РК. Консультативно-совещательным органом Национального банка РК является Совет по управлению пенсионными активами ЕНПФ. Перечень финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов ЕНПФ, утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан. Исходя из вышеизложенного, можно утверждать, что пенсионные активы находятся под всесторонним контролем и их сохранность гарантирована государством.
2. Как Фондом инвестируются пенсионные накопления казахстанцев?Национальный Банк Республики Казахстан принимает инвестиционные решения в отношении пенсионных активов в соответствии с Инвестиционной декларацией единого накопительного пенсионного фонда, утвержденной постановлением Правления НБ РК от 18 марта 2016 года № 86. Кроме того, инвестиционные решения принимаются в соответствии с предложениями Совета по управлению Национальным фондом Республики Казахстан, в том числе по перечню разрешенных инструментов для размещения пенсионных активов Фонда.
Инвестиционная стратегия НБ РК основана на диверсификации активов в различные финансовые инструменты, номинированные как в тенге, так и в иностранной валюте в целях обеспечения сбалансированного уровня доходности в долгосрочной перспективе, а также направлена на инвестирование в различные финансовые инструменты с целью минимизации рисков.
На сегодняшний день пенсионные активы инвестированы в государственные ценные бумаги, бумаги компаний квазигосударственного сектора, корпоративные облигации и акции эмитентов РК, размещаются во вклады банков второго уровня и иностранных банков, а также в инструменты надежных зарубежных эмитентов. Информация об инвестиционной деятельности регулярно публикуется на официальном сайте Фонда www.enpf.kz («О Фонде» – «Инвестиционная деятельность» – «Структура инвестиционного портфеля пенсионных активов», «Обзор инвестиционной деятельности»).
3. Куда инвестируются пенсионные деньги?На сайте АО «ЕНПФ» www.enpf.kz ежемесячно размещаются сведения о структуре инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов, на государственном, русском и английском языках с указанием наименования эмитента, количества бумаг, номинальной, а также текущей стоимости финансовых инструментов на отчетную дату.
По состоянию на 1 июня 2018 года пенсионные активы ЕНПФ, находящиеся в доверительном управлении Национального банка РК, составили 8, 263 трлн тенге.
Основную долю в портфеле - 45,94% - составляют государственные ценные бумаги Республики Казахстан. Текущая стоимость ГЦБ составляет 3 796,80 млрд тенге.
На втором месте по объему инвестированных пенсионных активов находятся облигации банков второго уровня Республики Казахстан, чья доля в портфеле равна 14,71%, текущая стоимость составила 1 215,58 млрд тенге.
Кроме того, в инвестиционном портфеле находятся:
- государственные ценные бумаги иностранных государств (11,71%);
- облигации квазигосударственных организаций Казахстана (8,86%);
- депозиты в казахстанских (3,84%) и иностранных (5,58%) банках;
- другие инструменты, обеспечивающие рациональное соотношение риска и доходности портфеля.
Инвестиционный портфель финансовых инструментов в разрезе валют, в которых номинированы финансовые инструменты состоит из следующих видов:
• в национальной валюте – 68,63%
• в долларах США – 31,16%
• в российских рублях – 0,41%
• в других валютах – 0,10%
В результате инвестиционной деятельности, а также вследствие волатильности курсов иностранных валют и изменения рыночной стоимости финансовых инструментов, размер начисленного инвестиционного дохода с начала 2018 года составил 251,41 млрд. тенге. Доходность пенсионных активов ЕНПФ, распределенная на счета вкладчиков (получателей) с начала 2018 года, составила 2,98%.
4. Был период, когда я официально не работала и не делала пенсионные отчисления. За это время мне инвестиционный доход не начислялся? Инвестиционный доход начисляется постоянно. Начисляется он ежедневно в конце каждого финансового дня на средства до их исчерпания, то есть даже если человек вышел на пенсию и уже получает ее, на его еще нетронутые накопления продолжает начисляться инвестиционный доход.
Информацию о состоянии своих накоплений с учетом инвестиционного дохода можно узнать из выписки с индивидуального пенсионного счета (ИПС), которая предоставляется на безвозмездной основе, а способ получения определяется вкладчиком (получателем) самостоятельно. Выписку с ИПС можно получить следующими способами:
посредством почтовой связи – один раз в год;
по электронной почте на адрес – в зависимости от выбранного графика (ежемесячно, ежеквартально, раз в полугодие, ежегодно);
при личном обращении в офис ЕНПФ – неограниченно;
интернет-информирование (через сайт или мобильное приложение ENPF для смартфонов и планшетов) – в режиме онлайн – неограниченно;
через «Личный кабинет» на сайте enpf.kz либо на сайте электронного правительства egov.kz (в разделе «Социальное обеспечение» – «Пенсионное обеспечение» – «Выдача информации о состоянии пенсионных накоплений (с учетом инвестиционного дохода) вкладчика (получателя) единого накопительного пенсионного фонда») при наличии регистрации на портале и актуального ключа электронной цифровой подписи (ЭЦП).
5. Облагается ли инвестиционный доход налогом? Пенсионные накопления вкладчиков (получателей) Фонда, в том числе начисленный инвестиционный доход, выплачиваемые с ИПС при наступлении условий, предусмотренных пенсионным законодательством Республики Казахстан подлежат налогообложению в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.
Так, в соответствии с подпунктом 3 статьи 160 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налогового кодекса РК), пенсионные выплаты относятся к доходу, облагаемому налогом у источника выплаты.
В соответствии со статьей 170 Налогового кодекса РК, к доходу в виде пенсионных выплат, подлежащему налогообложению, относятся выплаты, осуществляемые единым накопительным пенсионным фондом из пенсионных накоплений налогоплательщиков, сформированных за счет: обязательных пенсионных взносов; обязательных профессиональных пенсионных взносов; добровольных пенсионных взносов. Однако, вкладчики (получатели), которые достигли пенсионного возраста, являющиеся гражданами Казахстана, при получении выплат по графику или в связи с выездом на постоянное место жительство за пределы Республики Казахстан, имеют право на налоговые вычеты, уменьшающие размер дохода, с которого уплачивается налог. Иными словами, подоходным налогом будет облагаться не вся выплата, а только ее часть. Чтобы определить окончательную сумму налога, необходимо от «пенсионных выплат за год» отнять «установленный налоговый вычет».
Кроме того, некоторые категории граждан, в соответствии с подпунктами 13) и 13-2) пункта 1 статьи 156 Налогового Кодекса, могут рассчитывать на корректировку дохода в пределах 75-кратного минимального размера заработной платы.
���������� dle �������������� ������� ������ ��� ���